Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Күзгі сән қандай болады?

«Sulu-2018» премиясының қатысушылары облыстық «Алдаспан» газетінің оқырмандарына сұлулық сырларын ашуда

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс өңірінің орталығында өңірдегі сұлулық шеберлерінің үлкен байқауы өтпек.

«Sulu-2018» премиясы - бұл Өскемен және тегіс Шығыс Қазақстан облысының сұлулық индустриясындағы бірегей оқиға. Шаштараздар, бет әрлеушілер, қас сәндеу шеберлері, лэшмейкерлер, перманентті макияж бен тырнақ әрлеу шеберлері жарқын, сәнді әрі көзтартарлық образ жасай білу қабілеттерін сарапқа салады. Аталған байқауға қатысушы әр маман өз ісінің шебері екенін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Премияның ұйымдастырушылары Валерия Мачаликашвили мен Марина Маринкина сайысқа қатысушылардың өтініштерін қабылдауды аяқтады.

Құрметті оқырман, жақында өзіңізге ұнаған үміткерге дауыс беруге мүмкіндік туады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дауыс беру ашық түрде өтеді. «Sulu-2018» байқауының ресми сайтында барлық үміткерлердің жұмыстарымен танысып, өзіңізге ұнаған шеберге дауысыңызды бере аласыз.

Ал әзірге «Алдаспан» газеті сіздерді байқауға қатысушы төрт үміткермен жеке таныстырмақ. Олар осынау күздің ызғарлы қара суығы күш алып, терістіктен ызғырық жел соғатын мазасыз шақта қалай күтіну керектігі жайлы баяндап, ажарлы көрінудің құпиясымен бөліседі.


Күзгі сән: кірпік ұзарту

Адам әңгімелесушісімен сөйлескен кезде ең бірінші кезекте оның көзіне назар аударады. Көзіңіз әсерлі болып көріну үшін шеберлер кірпігіңізді қарапайым ғана ұзартпай, ең әсерлі үлгісін таңдауды ұсынады.

Үш жылдық жұмыс тәжірибесі бар кірпікті ұзарту және ламинациялау шебері Ольга Полторанина:

- Қазір қыз-келіншектердің бірқатары кірпіктерін көбіне табиғи түрде көрінетіндей қылып ұзартқанды жөн санаса, керісінше, кейбір нәзік жандылар кірпіктерін ең көлемді - 15D (өзіңіздің бір кірпігіңізге жасанды 15 кірпіктен жапсырылады) қылып жасатады. Сондай-ақ, ұзындығы жағынан барынша үлкенін таңдайды. Әрине, мұндай кірпіктер кейбіреулер үшін тым үлкен болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, олар үлпілдеген және әсерлі болып көрінеді. Сонымен қатар, жарқын бейнеге қол жеткізу үшін кірпікті түрлі-түсті жасанды кірпіктерді қолдана отырып өсіруге болады. Осы орайда айта кетсем, қара және түрлі түсті жасанды кірпіктер бір материалдан жасалады. Табиғи әсемдікті қалайтындар шоколадты реңкті, яғни, қоңыр түсті таңдағаны жөн. Ондай кірпіктер көзқарасты өте нәзік, әсерлі көрсетеді. Әрі қоңыр түсті кірпіктер әртүрлі түстегі көз иелеріне жараса береді. Көк, жасыл, күлгін, көгілдір, қызғылт, қызыл кірпіктер нұрлы қабықты қоюландыра түсу үшін қолданылады. Егер көзіңіз қоңыр түсті болса, онда кез келген түсті таңдай беруіңізге болады. Қою жасыл түс жасыл көз иелерін әсерлі қылса, күлгін түс ашық-қоңыр көз иелерін қоюландыра түседі. Ал сұр түсті көзге көк түс жақсы үйлеседі. Сондай-ақ, барлық түстерді араластырып, түстендіру жасауға да болады. Әр түстегі реңкті кірпіктер арқылы көз әсерлі көрініп қана қоймай, эксклюзивті макияжға қол жеткізіп, бейнеге жұмбақ образ сыйлауға мүмкіндік болады. Ал егер сіз қандай да бір мерекеге дайындалып жатсаңыз, онда кірпіктеріңізге түрлі тастар жапсыруға да болады. Мұндай нұсқаны үйлену тойы немесе мерекелік шараларға жасатқан жөн. Бірақ барлығы сіздің талғамыңыз бен мүмкіндіктеріңізге байланысты. Дегенмен, күзде эксперимент жасауға кеңес беремін. Тағы бір айта кететінім, түрлі-түсті жасанды кірпіктер қара түсті кірпіктерге қарағанда ұзағырақ сақталады.


Күзгі маникюр

Сіз адамдарға әдемі тырнақтарыңыз арқылы ұнауыңыз да мүмкін. Күтімдегі тырнақтар сіздің әдемі бейнеңіздегі жарқын басымдылық болуы мүмкін. Сондықтан қараша айында ең ерекше, ең әдемі, заманауи маникюр жасаған дұрыс.

Екі жылдық жұмыс тәжірибесі бар тырнақ әрлеу қызметінің шебері Эльвира Валова:

- Әр мезгілде жасалатын өз үрдістері болады. Күзде көпшілік жұмсақ түстерді таңдайды. Себебі жұмсақ түстер - қыз-келіншектер бейнесінде оның нәзіктілігі мен арманшылдығын көрсете отырып, табиғилық пен әсемдік қосады. Сонымен қатар, қарашада жасыл, қызыл, күлгін, күрең қызыл, тіпті, қара сынды аса қанық түсті маникюр жасатқан дұрыс. Дизайнда күз тақырыбын пайдалануға болады. Сондай-ақ, тастар да жақсы көрінеді. Кейбір нәзік жандылар Сваровски моншақтарын таңдағанды жөн санайды. Қарашада жаңа түскен қарда аталған моншақтар гауһар сияқты ерекше жарқырайды. Француз маникюрі әрдайым сәнді. Тырнақ пішінін өз қалауыңыз бойынша сопақша, дөңгелек, төртбұрыш, сүйір таңдайсыз. Қазір миндаль пішіні сәнді.


Тырнағыңызды күте біліңіз!

Әрине, әр қыз-келіншек ажарлы көрінуді қалайды. Сол үшін түрлі шараларға барады. Дегенмен, адамның тырнағына қарап, оның денсаулық жағдайын анықтауға болатындығын естен шығармауымыз тиіс.

Сол себепті егер сіздің тырнағыңыз қабыршықтанса, баяу өссе, сарғайып, тіптен, тырнағыңызда дақтар пайда болса, онда денсаулығыңызда ақау бары сөзсіз. Бұндай жағдайда денсаулыңызға және тырнағыңызға күтім қажет!

Бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар тырнақ әрлеу қызметінің шебері Светлана Агеева:

- Тырнақ қабатына күтім жасамас бұрын алдымен тырнақ ауруларының салдарын анықтап алған дұрыс болады. Көп жағдайда ол дәрумендер жетіспеушілігінен немесе қалқанша безінің салдарларынан орын алады. Егер іріңді, қабынған тырнақ болса, онда емге «Кампромин» дәрісі қажет болады. Сондай-ақ, бал ара желімі де көмектеседі. Ол тырнақ еміне қолданылып, инфекциядан сақтайды. Сонымен қатар, антисептикалық және емдеп жазу әсері де бар. Одан басқа, тырнақтың іріңді қабынуына булау да көмектеседі.

- Егер сізде кебе мәселесі болса, мына ерітіндіні дайындаңыз: бір литр суға 2 ас қасық ас содасын және бір ас қасық тұз қосыңыз.

- Егер сіздің тырнағыңызда көкіріңді таяқша болса, мына ерітіндіні дайындаңыз: бір стақан суға 1 ас қасық сірке суын қосыңыз. Есіңізде болсын, аталған ерітінді аурудың бастапқы сатысында ғана көмектеседі.

Тағы бір айта кететінім, ең дұрысы дер кезінде маманға бару керек.


Шугаринг

Қыс және күз мезгілінде эпиляция (емдік не косметикалық мақсатта денедегі түктерді кетіру) жасату өзекті ме деген сауалға жауап - «әрине, иә». Бірақ бірқатар қыздар шугаринг жасатуға қорқады. Себебі, олар аталған үрдістің әсерінен жасқанады. Алайда, «эпиляция» деген сөзді естігенде қорқудың және шошынудың қажеті жоқ.

Он бес жылдық тәжірибесі бар шугаринг шебері, ұстаз-технолог Ирина Боронина:

- Түксіздендіру кезінде ауырсынуды басатын сұйық майды қолдануға болады. Бірақ кейде олар теріде майлы із қалдыратындықтан шугаринг үрдісіне кедергі келтіреді. Көп нәрсе шугаринг шеберіне байланысты. Атап айтқанда, оның кәсібилігі мен шеберлігі тікелей әсер етеді. Жылдың суық мезгілдерінде тері ерекше күтімді қажет етеді. Түксіздендіруден кейін теріні тітіркенуден сақтау үшін косметикалық құралдарды пайдаланбаған жөн. Сондай-ақ, дезодоранттарға қатысты айтарым: дұрысы иісті жасыратын дезодорантты емес, тері бездері сөлдеріне әсер ететін антиперспирантты қолданған дұрыс. Айта кету керек, шугаринг үрдісі жайлы түрлі пікірлер бар. Сондықтан, егер сіз дұрыс ақпаратты білгіңіз келсе, арнайы тренингтер мен шугаринг курстарына қатысуға болады.

Следующая →