«Азамат» балабақшасының жері кімге тиесілі?
Өскемен қаласының Согра кентінде орналасқан «Азамат» балабақшасының жанындағы жылыжай арнайы техникамен қиратылды. Бұл дерек облыс орталығы тұрғындарының жағасын ұстатты десек кем айтпаспыз
Өскемен қаласының Согра кентінде орналасқан «Азамат» балабақшасының жанындағы жылыжай арнайы техникамен қиратылды. Бұл дерек облыс орталығы тұрғындарының жағасын ұстатты десек кем айтпаспыз.
Арнайы техника алдымен балабақшаны қоршап тұрған дуалды қиратып кіріп, құрылысы аяқталуға жақын қалған жылыжайдың қаңқасына қасақана барып бүрдей тиген. Бұл туралы хабардар болған ата-аналар оқиға орнына ертесінде жеткен. Шыны керек, ата-аналарды жылыжайдан бұрын балабақша тағдыры алаңдатқан.
- Оқиғадан соң ертесінде бірден балабақшаға бардық, - дейді есімін атаудан бас тартқан ата-аналардың бірі. - Себебі бұл күні балабақшаға ешкімнің балалары қабылданбады. Біз оның жабылып қалатынына алаңдаулы едік. Бүгінгі таңда мұнда 400-ге жуық бала тәлім алуда. Бүкіл Согра тұрғындарының басым бөлігі балаларын осы мекемеге алып келеді. Ертең жабылып қалса, кімнің қайда барары белгісіз. Қала орталығынан алшақ орналасқан ауданбыз. Бірақ қуанышымызға орай, бұл іске қала әкімдігі араласып, мекеменің қызметін тоқтатпайтынын ескертті.
Балабақшаның төңірегіндегі дау жылыжайға байланысты туындағаны жоғарыда айтылды. Бұл туралы ата-аналар да хабардар. Бірақ ата-аналар жылыжайды тұрғызуға еш қарсылық білдірмегендерін де айтады.
- Бұл ұсынысты айтқан кезде біз балабақша директорына еш қарсылық білдірмейтінімізді айттық, - дейді ата-аналар. - Бірақ аллергиясы, тұншықпа аурулары бар балалардың жайы не боларын алдын ала біліп алдық. Мекеме қызметкерлері ондай балалардың денсаулығына байланысты олар жылыжай жанына жіберілмейтіндігін айтқан. Сондықтан біз ешқандай қарсылық білдірмедік. Оқиға болған күні қырыққа жуық ер адамның келіп, барлығын қиратып кетпек болғанын тек кейін естідік.
Анықталғандай бұл жылыжайды қиратпақ болғандардың «Бипэк Авто» компаниясына байланысы бар болып шықты. Оқиға орнына жеткен құқыққорғаушылар аталмыш балабақшаны өз қорғауларына алды. Ал компания келесі күні-ақ өз әрекеттерін түсіндіріп бақты.
- Біздің компания соңғы аптада үлкен талқыға түсті, - дейді «БИПЭК Авто - Азия Авто» компаниялар тобының әлеуметтік байланыс департаменті директоры Роза Байғазаинова. - Барлығына өз пікірін айту мүмкіндігі берілді. Енді фактілерді сараптауды ұсынамыз. Жағдайға эмоциясыз назар аударалық. Сограда көршілес орналасқан екі балабақша бар: жеке меншік «Азамат» пен «Баланы дамыту орталығы». Құрылыс стандарттарына сай олардың арасында 13,6 метрлік учаске бар. Учаске қалалық, мемлекеттік жер болып табылады. Бір ай бұрын учаскеде құрылысқа дайындық басталды. Ықшам аудан тұрғындары, ата-аналар да «Нұр Отан» партиясы мен депутаттардан түсінік беруді талап еткен. Жауап «Азамат» балабақшасынан да («барлығын балалар үшін істейміз»), қалалық білім басқармасынан да («жылыжай заңсыз, сұрақ бақылауға алынсын») алынды. Бірақ бұдан кейін заңсыз жылыжайдың құрылысы басталып кеткен.
Компания өкілдерінің айтуынша, сұрақты ресми түрде шешу үшін балабақшада ата-аналар жиналысы ұйымдастырылған. Басшы ата-аналармен жеке кездесіп, жағдайды түсіндірген. Біраз күту керек болды. Өкінішке орай, сұрақ жайына қалып, жылыжай орнынан жылжымаған. Ата-аналар тек құрылыстың белсенді жалғасқанына куә болады.
- Жиналыстан соң ата-аналар жылыжайға барып, «табиғи сенбілік» ұйымдастыру ойын алға тартқан. Адамдар учаскенің қалаға тиесілі екенін біле тұрып құрылымдарды қирата бастаған. Біреу гидравликасы істен шыққан тракторға мініп алған, сондықтан оны бірден тоқтата алмаған, - дейді компания өкілі. - Мекеме басшысы балабақшаның жанындағы жағдайдан құлағдар болған соң, бірден адамдарға келіп, тәртіпсіздікті тоқтатпақ болған. Дәл осы аралықта құқыққорғау органдары келді, біздің жетекшіміз ата-аналарға тәртіп сақшыларының барлық талаптарын орындауға, ресми шешімнен таймауға шақырды.
Шыны керек, туындаған сұрақтар «Азамат» балабақшасының жылыжай тұрғызуы қаншалықты заңды әрекет?», «жылыжайды бұзуға қатысқан арнайы техника кімге тиесілі және оның әрекеті қаншалықты заңды?», «БИПЭК-АВТО» АҚ компаниясының бұл оқиғаға қандай қатысы бар?» деген сұрақтар жетеді. Редакция ұжымы балабақша қызметкерлерінен де, қалалық білім бөлімінен де аталған оқиғаға қатысты жауап алуға тырысты. Балабақша қызметкерлері жағдайдың қалыпқа келгеніне байланысты ақпарат бере алмайтындарын айтса, түсініксіз жайттардың жайын ашып айтуға ықтиярлық білдірмеді.
- Қазіргі таңда Егоров көшесі, 23 мекенжайында орналасқан «Азамат» балабақша-бөбекжайы» мектепке дейінгі мекемесі өз жұмысын бұрынғы тәртіппен жалғастыруда, - дейді Өскемен қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Қыстаубекова. - Сіздің сауалыңызда баяндалған сұрақтар құзырлы органдардың қарауында.
Артынша бұл сұрақтарды облыстық деңгейдегі білім басқармасына да қойған едік. Жауап екіұшты. Жылыжай тұрғызылған орын «жеке меншік», ал «оны қиратқан адамдармен ішкі істер органдары жұмыс істеуде» деген жауаптармен шектелді. Дегенмен, тәртіп бұзу фактісі бойынша ішкі істер органдары тиісті әрекеттерге жүгінетіні күмәнсіз. Тек балабақшаның бағына қашанға дейін шаң жуытылмас екен?
Следующая →