Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Дөрекі директорға жаза бар ма?

Өкінішке орай, қоғамда мұғалімнің рөлі түсіп, ұстаздың қадірі қашып бара жатқанын бәріміз түсініп-біліп жүрміз. Десе де, мұғалімді әлі пір тұтып, баласын оның тәрбиесіне қалдыратын ата-аналар жетерлік. Сонда да ұстазды өмірдің мәніне балап келген ұрпақтың балаларына қазіргі мұғалімдер  жеткілікті тәлім-тәрбие беріп жатыр ма?

Өкінішке орай, қоғамда мұғалімнің рөлі түсіп, ұстаздың қадірі қашып бара жатқанын бәріміз түсініп-біліп жүрміз.

Десе де, мұғалімді әлі пір тұтып, баласын оның тәрбиесіне қалдыратын ата-аналар жетерлік. Сонда да ұстазды өмірдің мәніне балап келген ұрпақтың балаларына қазіргі мұғалімдер жеткілікті тәлім-тәрбие беріп жатыр ма? Ал тәрбие мен білім беруді ар санамай, әдепсіздік көрсетіп, абыройдан аттаған мектеп директорлары мен мұғалімдерге жаза бар ма?

Бүгінде мұғалімнің әдепсіздігі мен дөрекілігін айтып арызданатын ата-аналар көп. Әсіресе, білдей бір мекеменің тұтқасын ұстап отырған мектеп директорларына деген наразылық ата-анада да, мұғалімде де бар. Алайда тамыр-таныспен келген басшылыққа қарсы шығуға ешкімнің дәті бара бермейді.

- Біздің мектептің директоры зейнетке шықса да, әлі өз орнында отыр. Нәпақа тапқаны дұрыс та шығар, алайда директор өте әдепсіз, мәдениеті төмен адам. Мәселе оның "мәдениет" деген түсінікті мүлдем білмейтіндігінде, түсінбейтіндігінде болып отыр ғой. Егер әдеп, мәдениет, этика, ата-анамен, мұғаліммен орынды қарым-қатынас жасау сынды қарапайым ұстанымдардан хабардар болса, ол мұндай дөрекелікке бармас еді, - дейді Өскемен қаласындағы қазақ орта мектептерінің біріне баласын берген Гауһар есімді ата-ана.

Қазіргі таңда зейнетке шыққан мектеп директорларының көп екендігі белгілі. Жас маманға жұмыс жетпей жүргенде, зейнетке шыққан басшылардың әлі де жол бермей жылы орындықта отырғаны көбіне түсініксіз болары анық. Соған орай, ата-ана арасында білім беру қызметкерлеріне деген көңіл толмаушылық бар екендігін ескере отырып, мұндай басшыларды «сабырға шақырудың» қандай жолдары бар екендігін іздеп көрдік.

Ең алдымен, мұғалімдер мен директорлардың тәртібіне кім жауапты екендігін анықтап көруге тырыстық. Сондықтан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі тәрбиесіз директорлардың ісі кеңесте қаралатындығын не қаралмайтындығын сұрап көргенбіз. Өйткені мемлекеттік қызметкерлердің бейәдеп ісі, ең алдымен, осы кеңесте қаралып, жаза берілетін. Алайда мектеп директорларының ісі Әдеп кеңесінде қаралмайтын болып шықты. Дегенмен, департамент басшысы мектеп директорларының әдепсіздігі мен жөнсіздігі жайында көп арыз келіп түсетіндігін жеткізді.

- Мемлекеттік қызметкерлердің арнайы лауазым реестрі бар. Мұғалімдер мен мектеп директорлары бұл реестрге кірмейді. Яғни, мектеп директорлары мемлекеттік қызметші болып саналмайды. Сондықтан Әдеп жөніндегі кеңес мұндай лауазымды тұлғалардың ісін, жауапкершілігін қарамайды әрі қарауға да құқылы емес. Мектеп директорларына қатысты бізге көп арыз-шағым келіп түседі. Алайда оны қарау біздің құзіретімізде емес. Мұнымен Білім беру басқармасы мен білім саласындағы бақылау департаменті айналысады, - дейді департамент басшысы Жанна Қабдолдақызы.

Ал Білім басқармасы мектеп директорларын кім тағайындаса, оның тәртібі мен әдебіне де сол мекеме жауапты екендігін айтады.

- Әр аудан мен қалада білім басқармасына қарайтын білім бөлімдері болады. Мектеп директорын білім бөлімдері немесе әкімдер тағайындайды. Сол себепті мектеп директорлары тарапынан қандай да бір әдеп нормасы бұзылған болса, білім бөліміне шағымдануға болады. Ата-аналардан директорлардың заңсыз іс-әрекетіне қатысты арыз түскен жағдайда білім басқармасы жұмыс тобын құрып, келтірілген дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізеді, - дейді ШҚО Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қайырбекова.

Одан бөлек, басқарма мектеп директорлары мен мұғалімдер тарапынан заңсыз әрекеттерді байқаған ата-ана мектепте құрылған Қамқоршылық кеңеске жүгіне алатындығын айтады.

- Кеңестің құрамына ата-аналар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері енген, - дейді басқарма басшысының орынбасары Сайрангүл Жұмаділова.


Следующая →