Ертең ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады
Восточно-Казахстанская область Общество Ертең ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады Сондай-ақ, облыстың басым бөлігінде күшті жел соғады "Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 31 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі жоғары.