Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жәрмеңкеге келген жұртқа мемлекеттік орган қызметкерлерінен кеңес алу мүмкіндігі бұйырды

ШҚО мемлекеттік мекемелердің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бүгін халықты "ТНП" сауда үйінің аумағында қабылдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Өскеменде жәрмеңкеге келген жұртқа мемлекеттік орган қызметкерлерінен кеңес алу мүмкіндігі бұйырды
Фото:
Устинка LIVE

Бүгін облыс орталығындағы "ТНП" сауда үйінің алаңында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ" жобасы аясында мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен заңгерлер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер азаматтарды қабылдау өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Акцияның мақсаты – азаматтарды қабылдау өткізе отырып, жеке мәселелері бойынша құқықтық консультация беру, сол арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру. ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Полиция департаметінің, Прокурутураның, Мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық әкімдік басқармалары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және ШҚО заңгерлер палатасының заңгерлері халықтың сұрақтарына жауап беріп, жөн сілтеді.

Облыстағы барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен тұратын топ халық көп жиналатын жерлерде осындай қабылдауларды жиі жүргізіп отырады. Кез келген адамның көкейінде жүрген сауал, шешімін таппаған мәселесі бар. Солар үшін бұл жақсы мүмкіндік. Тіпті, кейбіреулер белгілі бір мәселе бойынша қайда жүгіну қажеттігін де білмеуі мүмкін, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысы Асхат Бейсенбаев. - Кесте бойынша бұндай қабылдаулар айына бір рет өткізіледі. Сонымен қатар, мобильді топ облыстың ауыл-аймақтарын да аралап, алыстағы ағайынның да мәселесіне құлақ түреді, бағыт-бағдар береді. Яғни, аудан көлемінде шешілмей жүрген мәселелерді облыстық басқармалардың мамандарына тікелей жеткізе алады.

Бұл мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен халықты жақындата түсудің жақсы амалы. Асхат Әбжатұлының сөзіне сүйенсек, халық көбінесе әлеуметтік көмек, жер мәселелері, жұмысқа орналасу сияқты сұрақтармен жүгінеді екен.

Следующая →