Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тайынты маңында 20 мың көшет егілді

Ұлан ауданының Тайынты ауылы маңында еріктілер көшеттер екті

Усть-Каменогорск и ВКО / Тайынты маңында 20 мың көшет егілді
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

"Таза Қазақстан" акциясы аясында еріктілердің бастамасымен Тайынты ауылын көгалдандыру жұмыстары жалғасын табуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мұнда бүгін облыстың аудан-қалаларынан, атап айтсақ Өскемен, Риддер қалаларынан, Ұлан, Губокое, Алтай аудандарынан барлығы 200-ге жуық адам жиналды.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында еріктілердің бастамасымен Ұлан ауданының Тайынты ауылында көшеттер егіліп жатыр. Акцияның мақсаты - қоршаған ортаны көгалдандыру, жасыл желектің қорын молайту. 5-7 мамыр аралығында жиырма мың түп көшет егіледі. Бүгінгі жұмысқа облыстың барлық өңірінен еріктелер, облыс тұрғындары мен экоблогерлер атсалысып жатыр. Шамамен 200 адам жұмылдырылды, - дейді ШҚО еріктілер фронт офисінің жетекшісі Айдос Әділбеков.

Облыс бойынша жыл соңына дейін 29 млн көшет отырғызылмақ.

Айта кетейік, әлем бойынша экожүйені қалпына келтіруге атсалысып жүрген экоблогер Алексей Сибирский ағаш отырғызу бойынша әкімдікке ұсыныс жасаған. Ұйымдастыру жұмысын әкімдік жүргізген. Отырғызылған көшеттердің күтімімен жергілікті орман шаруашылығы айналысады.

Следующая →