Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қабиба Мырзаханқызы: "Кітап оқу мәдениетін ерте жастан қалыптастыру керек"

Мәдениет саласында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, Шығыс Қазақстан облысындағы кітапханаларды дамыту жолында елеулі үлес қосқан жандардың бірі - Қабиба Мырзаханқызы

Усть-Каменогорск и ВКО / Қабиба Мырзаханқызы: "Кітап оқу мәдениетін ерте жастан қалыптастыру керек"
Фото:
О. Бөкей атындағы орталық кітапханадан

Қабиба Ақжігітова басшы болып қызмет атқарған 30 жылға жуық уақыт ішінде А.С. Пушкин атындағы кітапхананы республикамыздағы ең үздік кітапхана қатарына қосып, халықаралық деңгейде танытты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгінгі таңда Оралхан Бөкей атындағы кітапханалар жүйесін заманауи жаңалықтармен өркендету жолында қажырлы қызмет етуде.

Қабиба Мырзаханқызы шығыстағы облыстық кітапхананың тұңғыш қазақ директоры екенін бірі білсе, бірі білмес.

Өзім Катонқарағай ауданының тумасымын. Өскемен қаласындағы педагогикалық институтты тәмамдадым. Бір-екі жылдай ауылдық мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. 1976 жылдан бері осы кітапхана саласында еңбек етіп келемін. Ел егемендігін алғаш алып жатқанда, 1992 жылдың наурызында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға директор болап тағайындалдым. XVIII ғасырдан бері жұмыс істеп келе жатқан кітапхана тарихындағы тұңғыш қазақ басшы екенмін, - деп еске алады Қабиба Мырзаханқызы. - Бастапқыда, әрине, қиындықтар көп болды. Кітапхана қорының 5%-ы ғана қазақ тілді кітаптар, статистикаға есеп бергенде "литература коренного народа" деп жазылып тұратын еді. Қазақ тілі кенже қалған, қызметкерлердің басым бөлігі орыс ұлтынан. 130-ға жуық қызметкер болса, оның тек бесеуі қазақ еді. Көбі Ресейдің мықты жоғары оқу орындарын бітіріп келген, маған қарсы шығып, үстімнен арыз-шағым түсіргендер көп болды. Бірақ намысқа тырысып, өз міндетімді асқан жауапкершілікпен атқардым. Озық елдердің кітапханаларын зерттеп, олардан өзіміздің кітапхананы дамытуға ұтымды тұстарын үйреніп алуға тырыстым.

Осылайша қайсар қазақ қызы сан қиындықтарға қарамастан кенже қалған қазақ тілін бірінші орынға қойып, қазақ тіліндегі санаулы ғана кітап қорын байытты. Қазақ мамандарды көптеп жұмысқа алып, мемлекеттік тілде өтетін іс-шаралар ауқымын кеңейтті, үйірмелерді көбейтті.

1995 жылы Түркияда кітапханашылардың халықаралық конференциясы өтіп, Қазақстаннан он шақты адам бардық. Содан келгеннен кейін менің ойым түбегейлі өзгерді, - дейді Қабиба Мырзаханқызы. - Конференцияда Еуропа, Америка кітапханаларының әр адамның өмірін жақсарту үшін жұмыс жасайтынын көрдім. Ал біз Кеңес үкіметі кезінде идеологияға жұмыс істедік. Елге келгеннен кейін кітапхананың ішкі саясатын өзгерттім, басқа бағытта жұмыс жасай бастадық. Осыдан бастап барлық шетелдік семинарларға қатысуға тырысамын. Озық елдерден алар дүние көп. Қандай да бір жаңашылдықты өз менталитетімізге қарай бейімдей отырып енгізетінмін. Отыздан астам жоба жасадым. Пушкин кітапханасының атын халықаралық деңгейге дейін шығару мақсатым болды. Бұл мақсатым орындалды. Бүгінде Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананы Орта Азия елдерінің кітапханашылары біледі. 

Ізденіс пен талапшылдықтық арқасында білікті басшы заманауи технологияны кітапхана қызметіне алғашқы болып енгізді және аудандық, ауылдық кітапханалар арқылы қалың бұқараға компьютермен, ғаламтормен жұмыс істеуді үйрете бастады. IT киіз үйімізді Америкаға паш етіп, бас жүлдемен Алаштың атын аспандатты.

Ал 2019 жылдан бері О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана тізгінін қолға алған. Қабиба ханымның орталық кітапхана жұмысын түбегейлі өзгертіп, заман талабына сай тың жобалар жасағанын өзіміз де көріп жүрміз. Оның басшылығымен Оралхан Бөкей атындағы зал ашылып, BOKEY.KZ электрондық кітапханасы құрылды. Яғни, жазушының әлемнің 16 тіліне аударылған шығармаларының толық мәтінді нұсқалары оқырманға цифрлық форматта қолжетімді. Республикадағы жалғыз "Bokey Mobail" қосымшасы құрылған, қосымша арқылы жазушы шығармаларын тыңдап, оқуға болады.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын дейді халқымыз. Қабиба Ақжігітованың 50 жылдай еткен еңбегі еленіп, "Құрмет" ордені, Өскеменнің "Құрметті азаматы" атағы берілгенін де айта кеткен орынды.

Қызығы мен шыжығын қатар көріп жүрген білікті басшы кітапхана ісі саласындағы олқылықтар мен кітапханашылардың көкейтесті мәселелерін жақсы біледі.

Бүкіл саналы ғұмырымды кітапхана ісі саласына арнаған адам ретінде айтарым, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды балалардан бастау керек. Өкініштісі, біздің елде республикалық балалар кітапханасы жоқ. Кеңестік заманда болған. Бірақ 1990 жылдары оңтайландыруды желеу етіп жауып тастаған. Балалар мен жасөспірімдер қандай кітап оқиды? Неге қызығады? Жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған қандай кітаптар шығады? Әлемдік әдебиет қоржынындағы қандай кітаптарды қазақ тіліне аудару керек? 18+, 18- деген қандай кітіптар? Қандай кітап жақсы оқылады? Бізде бұл туралы зерттеу, сараптама мүлдем жоқ деуге болады, - дейді Қабиба Мырзаханқызы.

Ауқымды мәселенің бірі - цифрландыруға қатысты. Кітапхана саласын цифрландыру тым баяу жүргізілуде. Осы орайда білікті маман республика көлемінде электронды оқырман билетін кеңінен енгізу керектігін айтады. Мысалы, Тарбағатай ауданының тұрғыны неге облыстық кітапхана қызметін пайдалана алмайды? Кітапханаға келмей-ақ, электронды оқырман билеті болса жеткілікті. Тіркеліп, жеке кабинет ашса, кітапхананың электронды әдебиет қорына рұқсат алады.

Жалпы "Кітапханаларды цифрландырудың республикалық бағдарламасын" әзірлеу керек деп санаймын. Бұл бағдарлама мәдениет, білім, ғылым, техникалық, мектеп кітапханаларының барлығын қамтуы тиіс. Бағдарламаны Үкіметтің өзі әзірлеуге тиіс. Еліміздегі кітапхана саясаты инновациялық сипатқа ие болуы керек. Сондай-ақ, ел кітапханаларын автоматтандыру және цифрландыру ісі бойынша Жол картасын әзірлеуді ұсынамыз. Ол қызмет көрсету тиімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал етеді. Ең алдымен, кітапханаларға жаңа пайдаланушыларды, әсіресе, жастар мен жасөспірімдерді тартуға мүмкіндік береді. Жол картасын іске асыру жергілікті әкімдіктерден жауапкершілік пен қаржылық қолдауды қажет етеді, - дейді Қабиба Ақжігітова.

Дамыған елдер кітап пен кітапханашылардың қоғам үшін маңызын бұрыннан айшықтап қойған. Ал бізде жағдай керісінше. Кітапханашылардың еңбекақысы өте төмен. Соған қарамастан, олар жүк түсіруші, сұрыптаушы, сан алуан бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушы, баспасөз хатшысы секілді ақысы төленбейтін қызметтерді қоса атқарады. Кітапханашы бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады.

Кітапханалар 20-шы ғасырдағы типтік штатты басшылыққа алып жұмыс істеп отыр. "Кітапхана басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына" өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Сипаттамада тек кітапханашы, библиограф, әдіскер мамандары тізімделген, - дейді Қабиба Ақжігітова. - Ал бүгінгі заманауи кітапханаларға кітапханашы-педагог, кітапханашы-журналист, кітапханашы-бағдарламашы, кітапханашы-менеджер, т.б. мамандар өте қажет. Өйткені тек осы мамандар ғана кітапханалардың жаңа қызметі мен оның сапасына жағымды әсер ете алады.

Кітапханашылардың жалақысы да мардымсыз, жас мамандар мемлекет қолдауына мұқтаж. Ауылдарға жұмысқа барған жас кітапханашыларға неге "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен қолдау көрсетілмейді?

Қазақстанда кітапханаға қатысты қайырымдылық жобаларның жоқтығын да айтады білікті басшы. Мемлекет тек қызметкерлердің айлығы мен коммунналдық қызметтер үшін қаржы бөледі. Ал қандай да бір тың идея келіп, оны жүзеге асыру үшін қаржының жоқтығы қолбайлау болады.

Следующая →