Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 4 қаладағы тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылады

Облыс әкімі Өскемен қаласындағы тазарту құрылыстарын аралап, "Өскемен Водоканал" кәсіпорнында болды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 4 қаладағы тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Қала тұрғындары жазғы маусымдарда құбыр аумағынан жағымсыз иістің шығуына қатысты жиі шағым түсіреді.Жалпы алаңы 7 гектар аумақты алатын жағымсыз иістен арылтудың оңтайландырылған технологиясын қарастыру қажет. Сондай-ақ, кәсіпорынның сейсмикалық жағдайдағы қауіпсіздігі мен қайта жаңғырту жұмыстарын да қолға алған жөн, – деді өңір басшысы.

Еске салайық, 1,2 га орналасқан ағын суды тазарту қондырғысы алаңында 2018 жылғы 31 мамырдан бастап иісті бейтараптандырудың автономды кешені "Дымқыл бөгеуіл" технологиясы пайдалануға қосылған. Кешеннің құрамына метеостанция, автоматты араластырғыш, жұмыс ерітіндісін беретін сорғы станциясы және 5,5 метрлік треуіштерге бекітілген 92 форсункасы бар құбыр өткізгіш кіреді, ол арқылы алаңға қоймаланған лай тұнбасына бейтараптандыру ерітіндісін шашу жүргізіледі.

Иісті бейтараптандыру кешені қолмен және автоматты режимде де жұмыс істейді. Автоматты режимде станцияның жұмысын реттеу басқару блогымен жүргізіледі, ол желдің бағыты мен күшін есепке ала отырып, уақыт пен қаржыны үнемдейтін концентратты пайдалануға мүмкіндік береді, - деді кәсіпорын басшысы Ержан Аубакиров. - Сондай ақ, келесі жылы халықаралық эксперттермен және "Экология кодексіне" негізделген кәсіпорын жұмысын қайта құру жобасы жоспарланып отыр.

Облыс басшысы сонымен қатар "Өскемен Водоканал" кәсіпорнына қала аумағындағы көлік жуу орталықтары сынды кешендерде ауыз суды пайдаланбауын қатаң ескертіп, технологиялық суды қолданысқа алуды қадағалауды тапсырды.

Следующая →