ШҚО-да қамыс арасынан алты жасар баланың мүрдесі табылды
Күршім ауылында ата-ана қарауынсыз қалған бала көпірден суға құлап батып кеткен
Күн ыстық болғандықтан, балалар суға шомылуға барған. Ал алты жасар бала суға түспей, тек көпірдің үстінде қалған балалардың суға түскенін қарап, өзі жеке жүрген. Балалардың жанында үлкендер болмаған.
Алты жасар баланың аяғы шалынып, көпірден суға құлап кеткен. Жанында жеті жасар ағасы да болған. Алайда ұстамақ болып ұмтылса да үлгермей қалған.
- Бала суға құлап кеткеннен кейін ғана құтқарушыларға хабар берілген. Канал аса терең емес, екі метрдей. Балалардың қарауысыз суға түсіп жүргені аздай, үстіне киген желеткілері мен жеңқап та жоқ, - дейді тоғызыншы құтқарушылар бөлімінің басшысы Талғат Нұржанов.
Ал суға батып кеткен баланы денесі тек таңертең ғана табылған.