Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Іздеудегі қазақстандық Максим Арышев Санкт-Петербургтегі терактта қаза тапты

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Максим Арышев Санкт-Петербург метросында орын алған терактта қаза тапты

- Ресей Федерациясының тергеу комитетінің берген ақпараты бойынша, осыған дейін іздеуде болған Қазақстан азаматы Максим Арышев 3 сәуір күні Санкт-Петербургте болған террористік жарылыстан кейін қаза тапқанын қайғымен хабарлаймыз, - деп хабарлады ІІМ өздерінің Facebook парақшасында.

ҚР ІІМ ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Максим Арышевтің денесі Санкт-Петербург қаласындағы Екатерининская ауруханасында, ата-аналары баласының мәйітін таныды.

- Қазақстанның ІІМ мен қазақстандық дипломаттар Санкт-Петербургтегі Максим Арышевтың туғандарына барынша қолдау көрсетуге және оның денесін елге әкелуге көмектеседі. Максимнің туған-туыстарына және осы оқиғадан кейін жақындарын жоғалтқандардың қайғысына ортақтасамыз, - делінген хабарламада.

Осыған дейін бірқатар БАҚ-та қазақстандық азамат Санкт-Петербургтегі терактті ұйымдастырушы деген ақпарат тараған болатын. Қазақстан ІІМ мен ҰҚК бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнаков дүйсенбі күні сағат 21.06-да Ирина Арышева Санкт-Петербургтегі Қазақстанның елшілігінің бас консулына хабарласып, жарылыстан кейін оның ұлы байланысқа шығуын тоқтатқанын хабарлады. Арышев Максим Витальевич Санкт-Петербургтегі экономикалық университеттің 3-курс студенті еді.

Следующая →