Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Этномәдени бірлестіктерге жастар қажет

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестік қатарына жастарды қабылдауға мүдделі болып отыр

Ұзақ уақыт бойы құрамы жаңартылмаған этномәдени бірлестік өкілдерінің орнын басатын жастар этномәдени бірлестіктерін құру басты мәселелер қатарында.  

- Этномәдени бірлестік құрамында үлкен адамдар көп. Алайда олардың ізін жалғастырушы жастар аз. Глубокое ауданында дүнген, әзірбайжан жаңа жастар этномәдени бірлестіктері ашылғанымен, облысымыздың өзге аймақтарында жағдай өзгермеген. Этномәдени бірлестік құрамының жастармен толыққанын қалаймыз, - деді ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Асқар Қисаұлы.

Патриоттық тәрбие беру мен этномәдени құрамды жаңарту мақсатында 2016 жылы облыс Ассамблеясы жанында Жастар лигасы да құрылған. Ал Риддер қаласында «Квелли» неміс жастар клубы жұмыс жасайды.

- Этномәдени бірлестіктердің құрамы 25 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмағаны бәрімізге де белгілі. Олардың жолын жалғастыратын жаңа ұрпақ, жас буын келуі қажет. Сондықтан әкімдікпен бірігіп, этномәдени бірлестік құрамын саналы түрде жаңартуға кірісу қажет, - деді өңір басшысы Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы этномәдени бірлестік мүшелерін алмастыру барысында өте сақ болуды, саналы түрде әрекет етуді тапсырды.

- Өз ісін жақсы білетін, шебер маман-ардагерлер жұмысын жалғастыра берсін. Ал тәлімгер жастардың ардагерлерден үйренері мол, - деді облыс әкімі.
Следующая →