Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтатылады

Қолда бар қаржы қоғамдық көлік сатып алу үшін несие беруге бағытталмақ

Новости Казахстана / Политика в Казахстане / Программу льготного автокредитования приостановят в Казахстане
Фото:
Устинка LIVE

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осылай мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ол Ақордада журналистердің "енді қазақстандықтар жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша көлік ала алмай ма?" деген сұрағына жауап берді.

Енді қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға бөлінетін болады, - деді Марат Қарабаев. - Қазір айналым қаражаты жиналды. Жеңілдікті автонесиеден түскен қаражатты мемлекеттік көліктерді несиелендіруге қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Біз бірқатар облыстарда болдық, әкімдік өкілдері автопаркті несиелендіру мәселесін көтеріп жатыр.

Министрдің айтуынша, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайызы, Талдықорған мен Оралда 70 пайызы ескірген.

Қолда бар қаражатты барынша тиімді пайдалану міндеті тұр. Осыған байланысты біз қаражатты жеңілдетілген автонесиелерге - қоғамдық көлікті несиелендіруге бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Оны күнделікті 9,3 миллион қазақстандық пайдаланады. Біз үшін олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға басымдық беріледі. Қаржы қоғамдық көлікті қаржыландыруға бағытталады, - деді министр.

Следующая →